Accessibility links

Астанада діни ұйым өкілі ұсталған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Астана қаласында жергілікті «Благодать» діни бірлестігінің өкілі Бахытжан Кашкумбаевты қылмысқа күдікті ретінде жұма күні полиция ұстаған.

Діни ұйымының пасторы болып істейтін бұл адамның үстінен Қазақстан қылмыстық кодексінің 103-бабы («денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалған деп хабарлады жергілікті ақпарат құралдары.

Заңда бұл бап бойынша айыпты деп танылған адамға жеті жылға дейін бас еркіндігінен айыру жазасы белгіленген.

Полицияның ақпаратында «Благодать» шіркеуіне келуші әйелдің «психикалық денсаулық жағдайына зиян келтірген» деген негізбен күдіктіге қарсы қылмыстық іс 2012 жылы қазан айында қозғалғаны айтылған.

Қазір пастор Астана полициясының уақытша қамау орнында отыр деп хабарланды.
XS
SM
MD
LG