Accessibility links

Атырауда жол апатынан 6 адам мерт болды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Атырау облысында Атырау-Астрахань күре жолы бойында ірі жол-көлік апаты болды деп хабарлайды «Интерфакс-Казахстан» агенттігі.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Самал Абированың айтуынша, сенбі күні кешкісін Атырау қаласынан 30 шақырымдай жерде «Лада-Приора» мен «Лада-Калина» жеңіл автокөліктері соқтығысқан. Екі көлікті де 25 жастағы жігіттер жүргізіп келе жатқан.

Апат салдарынан төрт адам оқиға орында қаза болып, жеті адам ауруханаға жеткізілген. Ауыр жараланған екі адам ауруханада көз жұмған.
XS
SM
MD
LG