Accessibility links

"Тыңшы" деп айыпталған АҚШ дипломаты Мәскеуден кетті


АҚШ-тың Ресейдегі елшілігінің қызметкері Райан Кристофер Фоглдың қызметтік куәлігі. 13 мамыр 2013 жыл.

АҚШ-тың Ресейдегі елшілігінің қызметкері Райан Кристофер Фоглдың қызметтік куәлігі. 13 мамыр 2013 жыл.

Ресейлік НТВ телеарнасы "тыңшылық жасады" деп айыпталған АҚШ дипломаты Райан Кристофер Фоглдың жексенбіде Мәскеуден кеткенін хабарлады.

Телеарна таратқан кадрда Фоглдың Мәскеудегі Шереметьево әуежайында құжат тексеру бекетінен өтіп жатқаны көрсетілген.

Ресей федералды қауіпсіздік қызметі өткен сейсенбіде Кристофер Фоглдың ресейлік арнайы қызмет өкілін "өзіне қызмет істеуге көндірмек болғаны үшін" тұтқындалғанын хабарлаған еді. Арнайы қызмет оның "АҚШ елшілігінде саяси департаменттің үшінші хатшысы деген жалған қызмет атқарғанын" айтады.

Мәскеу Фоглды "нон грата тұлға" деп жариялап, оның елден кетуін талап еткен.

АҚШ мемлекеттік департаменті Кристофер Фоглдың біраз уақыт қамауда болғанын, бірақ кейін босатылғанын растаған. Бірақ оның не үшін ұсталғаны және нақты қандай қызмет атқарғаны жайында ештеңе айтпады.
XS
SM
MD
LG