Accessibility links

Махачкалада жарылыстан төрт адам қаза тапты


Ресейдің Дағыстан өлкесіндегі Махачкала қаласында дүйсенбі күні екі рет жарылыс болып, соңғы дерекке қарағанда төрт адам қаза тапты, 40-қа жуық адам жараланды.

Екі жарылыс та араға 15 минут үзіліс салып, сот орындаушылары ғимараты маңында болған. Алдын ала мәліметке қарағанда, жарылғыш зат алыстан басқару құралы арқылы іске қосылған.

Ресей тергеу комитеті өкілі Владимир Маркин бұл жарылыстарды теракт деп бағалады.
XS
SM
MD
LG