Accessibility links

Yahoo Tumblr-ді сатып алмақ


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Әлемдегі ең ірі интернет компаниялардың бірі - Yahoo компаниясы Tumblr танымал блог тұғырын 1,1 миллиард АҚШ долларына сатып алатынын хабарлады. Yahoo басшылығына өткен жылы Марисса Майер келгеннен бері компания мұндай ірі сауданы бірінші рет жасағалы отыр.

Google компаниясынан ауысып келген Майер интернеттегі жас қолданушыларға көңіл бөліп, Yahoo-дың танымалдығын арттыруды көздейді.

Tumblr - қолданушыларға фотография, видео, аудио және басқа да мазмұндағы өнімдер салуға мүмкіндік беретін онлайн платформа. Нарыққа шыққанына алты жыл болған Tumblr жастар арасында танымал ресурстардың бірі ретінде аталады.

Tumblr Yahoo-дан тәуелсіз болып қала бермек. Ал блог тұғырдың негізін салған Дэвид Карп бас директор қызметін атқара береді.
XS
SM
MD
LG