Accessibility links

АҚШ-та дауылдан ондаған адам қаза тапты


Оклахома штатының Мур қаласындағы дауылдан соңғы көрініс. АҚШ, 20 мамыр 2013 жыл.
Оклахома штатының Мур қаласындағы дауылдан соңғы көрініс. АҚШ, 20 мамыр 2013 жыл.
АҚШ-тың Оклахома штатында дүйсенбі күні болған дауылдан, соңғы мәліметтер бойынша, 91 адам қаза тапты. 120-ға тарта адам ауруханаға түскен. Тағы бірнеше адам із-түзсіз жоғалды.

Оклахома-ситиге жақын Мур қаласында дауылдың жылдамдығы сағатына 320 километрге дейін жетіп, ені 1,6 километр аумақты қамтыған. Дауылдан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттар қираған. Күшті дауыл кейбір жеңіл және жүк көліктерін аударып тастаған.

Оклахома медициналық сараптама орталығы мамандарының дерегіне қарағанда, қаза тапқан 91 адамның 20-сы - балалар.

Мур қаласында 55 мыңға жуық адам тұрады.
XS
SM
MD
LG