Accessibility links

Гватемала экс-президенті үкімі қайта қаралады


Гватемаланың бұрынғы президенті Эфраин Риос Монтт. Гватемала, 9 мамыр 2013 жыл.

Гватемаланың бұрынғы президенті Эфраин Риос Монтт. Гватемала, 9 мамыр 2013 жыл.

Гватемала конституциялық соты елдің бұрынғы президенті Эфраин Риос Монтқа шыққан сот үкімін қайта қарауға шешім қабылдады деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Бұрынғы диктатор, 86 жастағы Риос Монтт "геноцид ұйымдастырды" деп айыпталып, биыл 10 мамырда 80 жылға сотталған еді. Бірақ конституциялық сот дүйсенбіде кейбір апелляциялық мәселелер туындағанын айтып, сотты 19 сәуірдегі отырысынан қайта бастау керек деген шешім шығарған. Сот енді қашан жалғасатыны белгісіз.

Риос Монтт Гватемалада 1960-1996 жылдары болған азаматтық соғыс кезінде жергілікті ұлт өкілдеріне жасалған геноцидке қатысы бар деп айыпталған. Ол 1982 жылы билікті басып алып, 1983 жылға дейін ел басқарды. Монтт билікте болған кезеңде әскерилер мен солшыл көтерілісшілер арасында соғыс жүрген еді.

Риос Монтт өзіне тағылған айыпты жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG