Accessibility links

Президент "Дербес деректер туралы" заңды бекітті


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заң жобасына қол қойды. Назарбаев бұған қоса осы заңға ілеспе «Дербес деректер және оларды қорғау бойынша заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу» атты заң жобасына да қол қойған.

Заң жобасын ұсынған ішкі істер министрлігі бұған дейін заңның мақсаты – "азаматтардың дербес деректерін жинау және өңдеу кезінде оның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету" деп түсіндірген еді.

Заң дербес деректерді жинауға, өңдеуге және қорғауға байланысты субъект, меншік иесі, оператор және үшінші тұлға арасындағы қатынастарды реттейді, олардың құқықтары мен міндеттерін заңнамалық тұрғыда белгілейді.

Кейбір журналистер мен құқық қорғаушылар осыған дейін "заң билік иелерінің мүддесі үшін қажет" деген пікірлер айтқан. Құқық қорғаушылардың басым көпшілігі бұл заңды асыра қолданудан ақпарат құралдары өкілдері көбірек зардап шегуі мүмкін деген қауіп білдірген.
XS
SM
MD
LG