Accessibility links

Қаражал түрмесіндегі 30 сотталушы денесін жарақаттады


Көрнекі сурет

Көрнекі сурет

21 мамыр күні Қарағанды облысының Қаражал қаласындағы АК-159/22 қатаң режимдегі түзеу мекемесінде 30 сотталушы денелеріне жарақат салған. Бұл туралы "Қазақпарат" агенттігі хабарлады.

Дерек көзіне сәйкес тұтқындар бұл әрекеті арқылы түрме әкімшілігінің тыйым салынған заттарды тәркілеу бойынша тінту шараларына қарсы екендерін білдірген.

Ресми ақпарат бойынша тұтқындарды "ауруханаға жатқызбай-ақ медициналық көмек көрсетілген".

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті бұл оқиғаны "сотталушылардың қамау режимі мен тәрбие жұмысын әлсірету үшін қасақана жасаған әрекеті" деп сипаттайды.
XS
SM
MD
LG