Accessibility links

Баку мен Мәскеу "Eurovision-2013" нәтижесін тексермек


Әзербайжан және Ресей сыртқы істер министрлері Эльмар Мамедьяров (сол жақта) пен Сергей Лавров. Мәскеу, 21 мамыр 2013 жыл.
Әзербайжан және Ресей сыртқы істер министрлері Эльмар Мамедьяров (сол жақта) пен Сергей Лавров. Мәскеу, 21 мамыр 2013 жыл.
Әзербайжан мен Ресей үкіметі "Eurovision-2013" байқауының дауыс беру қорытындысына күмән келтіріп, тексеру жүргізетін болды. Бұл туралы екі елдің сыртқы істер министрлері Эльмар Мамедьяров пен Сергей Лавров бірлесе өткізген баспасөз жиынында мәлімдеді.

Мамедьяровтың айтуынша, дауыс беру кезінде ресейлік әнші Дина Гариповаға Әзербайжаннан бір де бір дауыс түспеген. Ол әзербайжандық ұялы байланыс операторының деректері бойынша "Гарипова Әзербайжандағы дауыс беру нәтижесінде екінші орында тұрғанын" айтады.

Швецияның Мальма қаласында өткен конкурста ресейлік әнші бесінші орын алған еді. Лавров "Әзербайжаннан берілген дауыстардың есептелмей қалуы - барып тұрған сорақылық" деп, оның "жауапсыз қалмайтынын" айтты.

Дүйсенбіде Әзербайжанның Ресейдегі елшісі президент Ильхам Әлиевтің дауыс беру қорытындысын тексеріп, дауыстарды қайта санауға тапсырма бергенін мәлім еткен.

18 мамырда аяқталған "Eurovision-2013" байқауының бас жүлдесін даниялық әнші Эммили де Форест жеңіп алған еді.
XS
SM
MD
LG