Accessibility links

Қырғызстан АҚШ-пен "Манас" әуежайы келісімін бұзбақ


"Манас" транзиттік орталығынан елдеріне қайтып бара жатқан америкалық әскерлер. Бішкек, 21 наурыз 2013 жыл.

"Манас" транзиттік орталығынан елдеріне қайтып бара жатқан америкалық әскерлер. Бішкек, 21 наурыз 2013 жыл.

Қырғызстан 2014 жылғы 1 шілдеден бастап Бішкектегі "Манас" халықаралық әуежайын пайдалану туралы АҚШ-пен арадағы келісімін орындаудан бас тартпақ.

Бұл туралы ресми мәлімдеме сейсенбіде Қырғызстан үкіметінің сайтында жарияланды. Онда келісімді бұзу туралы құжаттың жобасы таяу уақытта парламенттің мақұлдауына жіберілетіні айтылған.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі бұған қатысты түсінік бермеді. Өкіл тек транзиттік орталық "осы кезге дейін жасалған келісім-шарт бойынша жұмыс істей беретінін" ғана айтты.

"Манас" әуежайы Ауғанстандағы НАТО күштеріне жүк тасымалдауда транзиттік орталық қызметін атқарып келеді. Орталықта АҚШ әскери әуе күштерінің жүк тасымалдайтын бірнеше ұшағы бар. Онда бұған қоса 1 мыңға тарта америкалық әскери қызметкер орналасқан.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев бұған дейін 2014 жылы Ауғанстаннан НАТО әскері шығарылғаннан соң "Манаста" әскери нысан болмайтыны туралы бірнеше рет айтқан.
XS
SM
MD
LG