Accessibility links

Ахмединежадтың жақтасы сайлаудан шеттетілді


Ирандағы президенттік сайлаудан шеттетілген Эсфандьяр Рахим-Машаи (сол жақта) мен Али Акбар Хашеми Рафсанджани.

Ирандағы президенттік сайлаудан шеттетілген Эсфандьяр Рахим-Машаи (сол жақта) мен Али Акбар Хашеми Рафсанджани.

Иранның бұрынғы президенті Али Акбар Хашеми Рафсанджани мен Эсфандьяр Рахим Машаи (қазіргі президент Махмуд Ахмединежадтың жақтасы) 14 маусымда өтетін президент сайлауынан шеттетілді.

Сайлауға кімдердің қатысатынын шешетін конституциялық қадағалау кеңесі Хашеми Рафсанджани мен Рахим Машаидің президенттік сайлаудан не үшін шеттеткеніне қатысты ешқандай түсінік бермеді.

Қадағалау кеңесі өздерін президенттікке ұсынған 688 адамның арасынан тек сегіз үміткердің кандидатурасын ғана мақұлдаған. Олардың арасында Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздерді жүргізетін делегация басшысы, жоғары ұлттық қауіпсіздік қызметінің хатшысы Саид Жалили, бұрынғы сыртқы істер министрі Али Акбар Велаяти да бар. Сайлауға түсетіндер арасында консерваторлар басым.
XS
SM
MD
LG