Accessibility links

Астана экономикалық форумы басталды


Бүгін Астанада екі күндік 6-Астана экономикалық форумы басталды. Форумның тақырыбы «G-Global форматында теңдестірілген экономикалық дамуды қамтамасыз ету» деп аталады. Форум аясында дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция да өтпек.

Форум баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы форум мен конференцияға қатысуға 11 мыңнан астам адам тіркелген. Олардың арасында бұрынғы министрлер, Нобель сыйлығының лауреаттары, халықаралық ұйымдардың жетекшілері бар.

Форумның бүгінгі бағдарламасында бірнеше сессия өткізу жоспарланған. Олар "Инфрақұрылым құрып, дамыту арқылы туризм индустриясын тұрақты дамыту", "Жасыл өркениетке" өту негіздері" және басқа да тақырыптарға арналған.
XS
SM
MD
LG