Accessibility links

Ақжар ауылындағы су мәселесі




​Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Ақжар ауылы жалғыз құдыққа қарап отыр.

Ауыл тұрғыны, жасы 60-қа қараған Күлзипа Жайлаубаева "Ауыл шетіндегі құдық алыс. 10 минутта бір-ақ литр су ағады. Елдің өмірлері құдық басында өтіп жатыр. Ал қыста колонка қатып, суы ақпай қалады. Мұзға құлап, бір апта жатып қалдым" деді 2013 жылы қаңтардың 18-і күні.

Ауыл әкімі Мырзагелді Манабаев "Ақжардан бес километр жерден су тартуды 2013 жылдың бюджетіне енгіздік. Тамыз-қыркүйек айларында бұл ауыл 24 сағат ауызсумен қамтылады деген үміттеміз" деді.

Ақжар ауылында 4 мың 874 адам тұрады.
XS
SM
MD
LG