Accessibility links

HRW Харламовты босатуды сұрады


Құқық қорғаушы, журналист Александр Харламов.

Құқық қорғаушы, журналист Александр Харламов.

Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін риддерлік (Шығыс Қазақстан облысы) құқық қорғаушы және журналист Александр Харламовты мәжбүрлі түрде тексеріп жатқан психиатриялық клиникадан тезірек босатуға шақырды.

"Қазақстан билігінде Харламовтың діни материалдары әлдекімді зорлық жасауға арандатуға себеп болғанына дәлелі болса, оған қисынды айып тағуы керек" деп мәлімдеді бүгін ұйымның Орталық Азия бойынша өкілі Мира Ритман.

Оның айтуынша, Харламовтың пікірі біреуді кемсіткен күннің өзінде оны мәжбүрлі түрде психиатриялық тексеруге немесе емдеуге тиіс емес.

Александр Харламов наурыз айында тұтқындалып, оған "діни алауыздықты қоздырды" деген айып тағылған еді. Сәуірдің соңында оны Алматыдағы жүйке ауруларын емдейтін клиникаға мәжбүрлеп жатқызған.

Қазақстандық адам құқықтары бюросы Харламовтың жергілікті газетте полицияны сынап мақала жазған соң тұтқындалғанын айтып, "оған қатысты қозғалған істің саяси сипаты бар" деген.
XS
SM
MD
LG