Accessibility links

Kcell-дің басшысы ауысты


Kcell компаниясының құрылтайшысы TeliaSonera-ның Стокгольмдегі кеңсесі. Көрнекі сурет
Kcell компаниясының құрылтайшысы TeliaSonera-ның Стокгольмдегі кеңсесі. Көрнекі сурет
Қазақстандық Kcell компаниясының бас атқарушы директоры болып Али Аган тағайындалды. Али Аган қызметіне 1 маусымда кіріспек.

Компания таратқан хабарламада Али Аган биыл ақпанда тағайындалған Вейсел Аралдың орнына келетіні айтылған. Али Аган бұған дейін скандинавиялық TeliaSonera компаниясының Әзербайжандағы Azercell және Өзбекстандағы Uzcell атты еншілес компанияларында басшылық қызметтер атқарған.

Kcell компаниясы - TeliaSonera телекоммуникация компаниясының Қазақстандағы еншілес бөлімі. Биылғы Eurovision ән байқауының бас демеушісі болған TeliaSonera «адам құқығын бұзатын елдермен пайдаға бола келісімге барған» деп айыпталған еді.

Швед басылымдары TeliaSonera-ны пайдаға кенелу мақсатымен пост-советтік елдердің нарығына ену үшін пара беріп, үкіметтік құрылымдардың оппозиция мен қоғамдық белсенділерге қарсы іс-әрекетіне септескен деп жазған.
XS
SM
MD
LG