Accessibility links

Грузия экс-премьері екі айға қамалды


Грузия экс-премьері Вано Мерабишвили (ортада) сотқа келе жатыр. Кутаиси, 22 мамыр 2013 жыл.
Грузия экс-премьері Вано Мерабишвили (ортада) сотқа келе жатыр. Кутаиси, 22 мамыр 2013 жыл.
Грузияның Кутаиси қаласының соты бұрынғы премьер-министр Вано Мерабишвилиді 2 айға қамау туралы шешім шығарды. Ол "қызмет өкілетін теріс пайдаланды" деп айыпталып отыр.

Вано Мерабишвили мен бұрынғы денсаулық сақтау министрі Зураб Чиаберашвили 21 мамырда тұтқындалған еді. Чиаберашвили 13 мың АҚШ доллары көлемінде кепіл төлеп қамаудан босатылды.

Мерабишвили мен Чиаберашвили "22 мыңнан астам партия белсендісін еңбек министрлігінің еңбекақы қорына тіркеп қойған" деген күдікке ілінген. Экс-премьер мен бұрынғы министр - президент Михаил Саакашвилидің жақтастары. Президент "олардың тұтқындалуының саяси астары бар" деп мәлімдеді.

Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон мен ұйымның кеңеюі мәселелерімен айналысатын комиссар Штефан Фюле Грузия билігін қос саясаткердің ісін тергеуде саяси факторды араластырмауға шақырды.

2012 жылы қазан айында Грузия парламентінде Бидзина Иванишвилидің коалициясы басым дауысқа ие болып, үкіметті жасақтады. Бұрынғы үкіметтің кейбір мүшелері мен шенеуніктері, көбінесе президент Саакашвилидің жақтастары тұтқындалып, тергеуге алынды.
XS
SM
MD
LG