Accessibility links

Пол Маккартни Pussy Riot-ты қолдап хат жазды


Ұлыбританиялық әнші Пол Маккартни.
Ұлыбританиялық әнші Пол Маккартни.
Ұлыбританиялық композитор, "Битлз" тобының негізін салушылардың бірі Пол Маккартни Pussy Riot панк тобының сотталған мүшелерін қолдап, хат жазды.

Хат әншінің веб-сайтында сәрсенбі күні кешке қарай шыққан. Ресей билігі өкілдеріне қарата жазған хатында Пол Маккартни "Мария Алехина бұдан ары да түрмеде отыра берсе, оған зардабы тиеді" деген.

Мария Алехина сәрсенбіде аштық жариялап, өзін шартты түрде мерзімінен бұрын босату мәселесі қаралатын сот процесіне қатысудан бас тартқан еді.

Пол Маккартни хатында Ресей үкіметін Pussy Riot-тың сотталған тағы бір мүшесі Надежда Толоконникованы босатуға шақырған. Өткен айда сот оны шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартқан.

Алехина мен Толоконникова өткен жылы "бұзақылық жасады" деген айыппен екі жылға сотталған. Олар 2012 жылы ақпанда Мәскеудегі Құтқарушы Ғайса ғибадатханасында Ресей президенті Владимир Путинге қарсы ән айтқан соң ұсталған.
XS
SM
MD
LG