Accessibility links

Грузияда шіркеудің екі қызметкеріне айып тағылды


Гей құқықтарын қорғаушылар мен оларға наразы топ арасындағы қақтығыс. Тбилиси, 17 мамыр 2012 жыл.
Гей құқықтарын қорғаушылар мен оларға наразы топ арасындағы қақтығыс. Тбилиси, 17 мамыр 2012 жыл.
Грузияда гейлерге қарсы тәртіпсіздіктерге байланысты православие шіркеуінің екі діни қызметкеріне айып тағылды. Өткен аптада Тбилисиде болған тәртіпсіздіктер кезінде гейлердің құқықтарын қорғауға қатысты акция өтпей қалған еді.

Грузия ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, Әулие Үштік шіркеуінің қызметкері Антимоз (Тамаз) Бичинашвили мен Иоана-Торнике Эристави ғибадатханасының қызметкері Иотам Басилаеге "қоқан-лоқы жасау немесе күш көрсету арқылы жиын немесе демонстрация өткізу құқығына қол сұқты" деген айып тағылған.

17 мамырда Тбилисиде мыңдаған адам гейлер құқықтарын қорғауға арналған акция қатысушыларына шабуыл жасап, екі жақ қақтығысып қалған еді. Шабуыл жасағандар арасында православиелік діни қызметкерлер де болған. Тәртіпсіздіктерден 17 адам зардап шеккен.

Оқиғаға қатысқан төрт адамға "бұзақылық жасады" деген айып тағылып, айыппұл салынды.

Еуропа Одағының Тбилисидегі өкілдігі елдегі гейлерге деген төзімсіздік пен зорлық-зомбылыққа алаңдайтынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG