Accessibility links

Ресейдің Қиыр Шығысында күшті жер сілкінісі болды


Ресейдің Қиыр Шығыс аймағының картасы. Көрнекі сурет.

Ресейдің Қиыр Шығыс аймағының картасы. Көрнекі сурет.

АҚШ геологиялық қызметінің хабарлауынша, Ресейдің Қиыр Шығысында болған зілзаланың қуаты Рихтер шкаласы бойынша 8,2 балды құраған. Жер сілкінісінің ошағы Охота теңізінде - Ресейдің шығыс жағалауы мен Жапонияның солтүстік бөлігінде 600 километр тереңдікте тіркелген.

Зілзаланың күшті болғаны соншалық, дүмпуі Мәскеуге дейін жеткен. Мәскеуде биік ғимараттардағы адамдар жер сілкінісінің қайталануынан қауіптеніп, далаға шығып кеткен. Зардап шеккендер туралы әзірге мәлімет жоқ.

Ресейдің құзырлы органдары дүмпу болған алғашқы сәтте ұзамай Курил және Сахалин аралдарында цунами болуы мүмкін деп ескертіп, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшуге шақырған еді. Бірақ кейін цунами болмайтынын хабарлады.

Камчатка түбегіне жақын Петропавловск-Камчатский қаласында Ресей атом сүңгуір қайықтарының базасы орналасқан. Ал Сахалинде Ресейдің ең ірі табиғи газ қоры бар.
XS
SM
MD
LG