Accessibility links

АҚШ бойскауттары гейлерге салынған тыйымды жойды


АҚШ-тың бойскауттар (Boy Scouts) қоғамы өзін гей деп ашық көрсеткендер жастарды ұйымға қабылдамау туралы тыйымды алып тастады. Ұйым құрылған 103 жылдан бері гейлерді мүшелікке қабылдауға тыйым салынып келген.

Мұндай шешімді бейсенбіде Техас штатында бойскауттар ұйымы Ұлттық конгресінің 1400-ден астам мүшесі қабылдады. Гейлердің ұйым құрамына қабылдануына гей белсенділері және консервативтік ұйымдар ықпал еткен еді.

Бірақ ересек гейлер ұйым құрамына қабылдана алмайды.

АҚШ бойскауттар қоғамы - 1910 жылы құрылған. Қазір ұйым құрамында 2,6 миллионға тарта жасөспірім мен ерікті бар. Ұйым ерікті, саяси емес, білім беру бағытында құрылған. Ұйым өкілдері түрлі қоғамдық жұмыстар атқарады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG