Accessibility links

Пхеньян келіссөзге дайын екенін жариялады


Солтүстік Корея Халықтық армиясы саяси бюросының директоры Чхве Рен Хэ. Пхеньян, 22 мамыр 2013 жыл.

Солтүстік Корея Халықтық армиясы саяси бюросының директоры Чхве Рен Хэ. Пхеньян, 22 мамыр 2013 жыл.

Солтүстік Корея Халықтық армиясы саяси бюросының директоры Чхве Рен Хэ Қытай басшысы Си Цзиньпинге өз елінің президенті Ким Чен Ынның хатын тапсырды.

Бұл туралы Қытай ақпарат құралдары хабарлады. Чхве Рен Хэ Си Цзиньпинге ресми Пхеньян ядролық бағдарламасына қатысты мәселені "диалог арқылы шешуге дайын" екенін білдірген.

Ақпарат құралдарында хаттың мазмұны туралы егжей-тегжейлі айтылмаған. Бірақ Чхве Рен Хэ Си Цзиньпинге Пхеньян Солтүстік Корея, АҚШ, Жапония, Қытай, Ресей және Оңтүстік Корея қатысатын алтыжақты диалог жүргізуге ынталы екенін білдірген.

Солтүстік Кореяны ядролық бағдарламасынан бас тартқызуға қатысты алтыжақты келіссөз 2008 жылы тоқтап қалған еді. Келіссөздерде Пхеньян ядролық бағдарламасын дамытудан бас тартса, халықаралық қауымдастық Солтүстік Кореяға гуманитарлық көмек көрсетіп, қауіпсіздігіне кепілдік беретіні туралы мәселе көтерілген.

Қытай - Солтүстік Кореяны қолдаушы бірден бір мемлекет. Бірақ Пекин соңғы уақытта БҰҰ-ның Солтүстік Кореяға салған жаңа санкцияларына қолдау білдіріп жүр.
XS
SM
MD
LG