Accessibility links

Махачкала: жарылыстан бір адам қаза тапты


Жарылыс болған ішкі істер министрлігі ғимаратының маңын полиция қоршауға алды. Махачкала, 25 мамыр 2013 жыл.
Жарылыс болған ішкі істер министрлігі ғимаратының маңын полиция қоршауға алды. Махачкала, 25 мамыр 2013 жыл.
Сенбі күні Махачкалада ішкі істер министрлігінің маңында жанкешті жарылыс жасап, ауруханаға түскен бір адам көз жұмды.

Тергеу комитеті өкілдерінің хабарлауынша, денесіне бомба жасырған жанкешті жол полициясы қызметкері жанына келіп, өз-өзін жарып жіберген. Жарылыстан 14 адам жараланып, ауруханаға түскен. Оның алтауы ауыр халде жатыр.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, жарылысты жасаған 25 жастағы әйел жасаған.

Махачкалада дүйсенбіде де екі жарылыс болған еді. Одан 4 адам қаза тауып, 40-қа тарта адам жараланған. Алдын ала мәліметке қарағанда, жарылғыш зат алыстан басқару құралы арқылы іске қосылған.

Дағыстан және Ресейдің Солтүстік Кавказ аймағындағы өзге де өңірлерде радикалды исламмен байланысы бар қылмыстық топтар белсенді әрекет етеді.
XS
SM
MD
LG