Accessibility links

1976 жылғы Apple-1 аукционда 666 мың долларға сатылды


Алғаш шығарылған Apple-1 компьютері. Көрнекі сурет.

Алғаш шығарылған Apple-1 компьютері. Көрнекі сурет.

Америкалық Apple компаниясы шығарған алғашқы компьютерлердің бірі Германияда аукционда 666 мың АҚШ долларына сатылды.

Германияның "Брекер" аукцион өтетін үйі Apple-1 компьютерін Азиядан шыққан адам сатып алғанын хабарлады. Сатып алған адамның аты-жөні құпия ұсталып отыр.

Apple-1 компьютерін компанияның негізін қалаған Стив Джобс пен Стив Возняк 1976 жылы өз үйлерінің шеберханасында құрастырған еді. Аукционға түскен компьютер - қазір әлемде әлі жұмыс істеп тұрған осы аттас компьютердің бірі.

Apple-1 компьютерінде монитор мен пернетақта болмаған, ол тек бағдарлама орналасқан қорапшадан тұрады.

Apple-1 компьютерінің 1976 жылы жасалған алғашқы түрлерінің бірі өткен жылы 374 мың 500 АҚШ долларына сатылған еді.
XS
SM
MD
LG