Accessibility links

Бостон марафоны "мәресіне жетті"


Бостон марафонына қатысушы кениялық әйел мәре сызығына жақындап келеді. Бостон, 15 сәуір 2013 жыл.

Бостон марафонына қатысушы кениялық әйел мәре сызығына жақындап келеді. Бостон, 15 сәуір 2013 жыл.

Бостонда үш мыңға жақын адам 15 сәуірдегі жарылыс салдарынан марафонның мәреге жетпей қалған аралығын жүгіріп өтті.

Сенбіде өткен шарада қатысушылар 1,6 километр қашықтықты жүгірді. Бірнеше қатысушы жарылыстан қаза тапқандарды еске алу ретінде АҚШ-тың үш туы мен Қытайдың туын көтеріп жүрді.

15 сәуірде марафонға қатысушылар мәреге жетер тұста бірінен кейін бірі екі жарылыс болып, үш адам қаза тапқан еді. Оның екеуі - америкалық, біреуі - Қытай азаматы болған. Жарылыстардан 260-тан астам адам жараланған.

Жарылысқа күдікті деп ағайынды Тамерлан және Джохар Царнаевтар танылған. Оларға бірнеше күннен кейін Бостон маңында полиция жүргізген операцияда бір полицейді атып өлтірді деген тағы бір айып тағылып отыр.

Тамерлан Царнев полициямен атыста оққа ұшты. Джохар Царнаев қазір қамауда отыр.

Бостонға оқуға кетті делінген екі қазақстандық - Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев та Джохар Царнаевпен байланысы болуы мүмкін деген күдікпен қамауға алынған.
XS
SM
MD
LG