Accessibility links

Ашғабад Гиннестің рекордтар кітабына енді


Түркіменстан, Ашғабад қаласы.

Түркіменстан, Ашғабад қаласы.

Ашғабад қаласы "әлемде ақ мәрмәр тастан салынған ғимараттары ең көп қала" ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы Түркіменстанның Мемлекеттік ақпараттық агенттігі хабарлады.

Гиннес кітабына енгені туралы сертификатты рекордтар кітабының бас редакторы Крег Глендейн қала әкіміне тапсырған.

Құжатта 22 шаршы километрге жететін аумақта ақ мәрмәрмен қапталған жаңа 543 ғимарат тұрғызылғаны айтылған. Ақ мәрмәрмен қапталған құрылыс нысанының жалпы көлемі 4,5 миллион шаршы метрден асады.
XS
SM
MD
LG