Accessibility links

Канн кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды


Канн кинофестивалінің "Алтын пальма бұтағы" жүлдесін жеңіп алған "Адельдің өмірі" фильмінің режиссері Абделатиф Кешиш (ортада). Канн, 26 мамыр 2013 жыл.

Канн кинофестивалінің "Алтын пальма бұтағы" жүлдесін жеңіп алған "Адельдің өмірі" фильмінің режиссері Абделатиф Кешиш (ортада). Канн, 26 мамыр 2013 жыл.

Францияда Канн кинофестивалі аяқталды. Фестивальдің басты жүлдесі - "Алтын пальма бұтағы" жүлдесін Тунистен шыққан француз актері Абделатиф Кешиштің "Адельдің өмірі" картинасы ("Blue is the Warmest Color" фильмі) жеңіп алды. Фильмде лесбилік махаббат туралы баяндалады.

Байқаудың гран-при жүлдесін америкалық ағайынды режиссерлер Итан және Джоэль Коэндер түсірген "Льюин Дэвистің іші" ("Inside Llewyn Davis") деп аталатын фильмі иеленді.

Қазылар алқасы фестивальдің "Ең үздік актрисасы" деп Беренис Бежоны атады. Ол бұл атаққа Иран режиссері Асгар Фархадидің "Өткен шақ" (The Past) деп аталатын отбасылық драмасында ойнаған рөлі үшін ие болды. "Ең үздік актер" атағын "Небраска" фильміндегі рөлі үшін Голливуд актері Брюс Дерн иеленді.

Ал байқаудың "Ең үздік режиссері" атағы "Хели" фильмін түсірген мексикалық Амат Эскалантеге тапсырылды.
XS
SM
MD
LG