Accessibility links

Францияда бір жыныстылар некесіне қарсылық танытты


Бір жыныстылардың некеге тұруына наразылардың шеруі. Париж, 26 мамыр 2013 жыл.

Бір жыныстылардың некеге тұруына наразылардың шеруі. Париж, 26 мамыр 2013 жыл.

Парижде жексенбіде ондаған мың адам бір жыныстылар некесіне наразылық шеруін өткізді. Қаладағы Мүгедектер эспланадасына (тарихи алаң) жиналған наразылық танытушылар бір жыныстылардың некеге тұруына және олардың бала асырап алуына рұқсат ететін заңның күшін жоюға шақырды. Жиналғандар бұған қоса президент Франсуа Олландтың отставкаға кетуін де талап етті.

Католик дінін ұстанатын Францияда бір жыныстыларға некеге тұруға және бала асырап алуға рұқсат берген заң 18 мамырда қабылданған еді. Жаңа заң Франция қоғамында үлкен дау тудырған.

Тұрғындар арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнамалар нәтижесі бойынша, франциялықтардың жартысы жаңа заңды қолдайды. Құжат қабылданған соң басталған наразылық акциялары да таяу уақытта тоқтамақ емес.

Әлемде гейлер мен лесбилерге некеге тұруға 13 мемлекет рұқсат еткен. Олардың қатарында Канада, Дания, Швеция, Жаңа Зеландия, Уругвай және басқа да елдер бар.
XS
SM
MD
LG