Accessibility links

Белградта Югославияның соңғы королі жерленді


Карагеоргиевич король әулетінің төрт өкілін жерлеу рәсімі. Сербия, Опленац, 26 мамыр 2013 жыл.

Карагеоргиевич король әулетінің төрт өкілін жерлеу рәсімі. Сербия, Опленац, 26 мамыр 2013 жыл.

Сербия астанасы Белградта Югославияның соңғы королі ІІ Петр Карагеоргиевич қайта жерленді. Ол осыдан 43 жыл бұрын АҚШ-та қайтыс болған еді.

Жерлеу рәсіміне Сербия президенті Томислав Николич пен премьер-министр Ивица Дачич қатысты.

Югославияның үшінші әрі соңғы королі болған ІІ Петр Карагеоргиевич таққа 1934 жылы, әкесі король І Александр қастандықта көз жұмған соң отырған еді. ІІ Петр Карагеоргиевич 1941 жылы антинацистік төңкеріс кезінде Югославиядан қашқан. Кейін Югославияның коммунистік режимі ІІ Петрдің елге келуіне рұқсат етпеді. Ол 1970 жылы 47 жасында қайтыс болды.

Монарх Белградқа жақын Опленацтағы Әулие Георгий храмына жерленді.

ІІ Петрдің баласы Александр Карагеоргиевич 2011 жылы Сербияға оралып, елде конституциялық монархияны қалпына келтіруге шақырған.
XS
SM
MD
LG