Accessibility links

Парижде шеруден соң 100 шақты адам тұтқындалды


Бір жыныстылардың некеге тұруына наразылардың шеруі. Париж, 26 мамыр 2013 жыл.
Бір жыныстылардың некеге тұруына наразылардың шеруі. Париж, 26 мамыр 2013 жыл.
Парижде бір жыныстылар некесіне наразылық танытушылар мен полиция арасында болған қақтығыстан кейін 100-ге тарта адам тұтқындалды.

Жексенбіде бір жыныстылардың некеге тұруына және олардың бала асырап алуына қарсы Париждің орталығында наразылық шеруі өткен еді. Полицияның есептеуінше, шеруге 150 мыңға жуық адам қатысқан.

Бірақ шеруді ұйымдастырушылар акцияға қатысқандар саны полицияның дерегінен әлдеқайда көп дейді. Шеруді өздерін дәстүршілдер деп атайтын топ ұйымдастырған.

Шеру әуелде бейбіт түрде басталған еді. Бірақ кейін оңшыл белсенділер полициямен жанжалдасып қалған. Полиция оларды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданған.

Бір жыныстылардың некеге тұруына рұқсат ететін заң Францияда осыдан екі апта бұрын қабылданды.
XS
SM
MD
LG