Accessibility links

АҚШ елшілігі: Қазақстандықтарға виза беру талабы өзгермеді


АҚШ елшілігі Қазақстан студенттеріне виза беруден бас тартқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігіне сілтеме жасаған ақпарат агенттіктері хабарлады.

"АҚШ-тың Астанадағы елшілігі немесе Алматыдағы бас консулдығы қазақстандық бір топ студентке ешқандай әңгіме-сұхбат өткізбей-ақ виза беруден бас тартты деген ақпарат - жалған" деді елшіліктің баспасөз қызметі.

Елшілік бұған қоса Қазақстан азаматтарына америкалық виза алуы үшін қойылатын талаптар өзгермегенін айтқан.

Өткен аптада ақпарат құралдары "АҚШ мемлекеттік департаменті қарағандылық 40-қа жуық студентке "Work and travel" бағдарламасы бойынша виза бермей қойды" деп хабарлаған еді.
XS
SM
MD
LG