Accessibility links

Ресейде екі имам "экстремист" ретінде сотталды


Новосибирскіде құлшылыққа жиналған мұсылмандар. Көрнекі сурет.
Новосибирскіде құлшылыққа жиналған мұсылмандар. Көрнекі сурет.
Ресейдің Новосибирск қаласында екі мұсылман діни жетекшісі "экстремистік идеяларды таратты" деген айыппен шартты мерзімге сотталды.

Сот университет оқытушысы Ильхом Меражов пен имам Комил Одиловты бір жыл мерзімге соттаған. Олар ақпан айында Ресейде тыйым салынған "Нұршылар" діни қозғалысының негізін салған Саид Нурсидің экстремистік идеяларын насихаттады" деп айыпталып, сотқа тартылған еді.

Ресей билігі "Нұршылар" қозғалысы "түркі тілдес елдерде ислам мемлекетін құрғысы келеді" деп, 2007 жылы ұйым қызметіне тыйым салған.

Меражов пен Одилов айыптарын мойындамайды. Олар сот үкіміне шағымданбақ ниетте.
XS
SM
MD
LG