Accessibility links

Атамбаев пен Рахмон жаңа теміржол салуға келісті


Қырғызстан мен Тәжікстан президенттері Алмазбек Атамбаев (оң жақта) пен Эмомали Рахмонның кездесуі. Бішкек, 27 мамыр 2013 жыл.

Қырғызстан мен Тәжікстан президенттері Алмазбек Атамбаев (оң жақта) пен Эмомали Рахмонның кездесуі. Бішкек, 27 мамыр 2013 жыл.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан арасын жалғайтын жаңа теміржол салу туралы келісімге қол қойды. Екі ел басшылары бұл туралы Бішкекте Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдер басшыларының жиынында уағдаласқан.

Алмазбек Атамбаевтың айтуынша, жаңа теміржол желісі әуелі Ресей, Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстан арасын жалғайды. Бұдан соң теміржол Ауғанстан, Иран және Парсы шығанағы елдеріне қарай созылады.

Алмазбек Атамбаев пен Эмомали Рахмон ҰҚШҰ аясында екіжақты кездесу өткізген еді. Оған дейін ҰҚШҰ-ға кіретін елдер - Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь және Арменияның қорғаныс министрлері бірлескен әскери жаттығулар өткізу және ұйымға қажетті қару-жарақтар тізімі туралы келісімге қол қойған.

ҰҚШҰ елдерінің сыртқы істер министрлері Ресей мен АҚШ-тың Сириядағы жағдайды талқылау үшін халықаралық конференция шақыру туралы ұсынысын қолдады.
XS
SM
MD
LG