Accessibility links

Бір топ "борышкер" әкімшілік жазаға тартылды


"Бәйтерек" кешені маңында аштық жариялаған "борышкерлер". Астана, 27 мамыр 2013 жыл.
"Бәйтерек" кешені маңында аштық жариялаған "борышкерлер". Астана, 27 мамыр 2013 жыл.
Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты "ипотекаға үй алып, борышкер болып қалдық" деген 30 адамды "рұқсат етілмеген жиын өткізді" деп айыптап, сотқа тартты. Бұл туралы Азаттық тілшісіне соттан хабарлады. Олардың көпшілігіне 1730 теңгеден айыппұл салынған, кейбіріне ескерту жасалған.

27 мамырда Астанадағы "Бәйтерек" кешенінің маңында аштық жариялаған ондаған "борышкерді" полиция ұстап әкеткен еді.

21 мамырда Қазақстанның түрлі аймағынан "ипотекаға үй алып, оның қарызын жаба алмай жүрміз" деген ондаған адам Астанаға жиналған. Олар биліктен банкпен жасасқан несие келісімін қайта қарауды және тұрып жатқан үйлерінен мәжбүрлеп көшіруді тоқтатуды талап етпек болған.

Осы акция туралы хабар жасамақ болған Азаттық тілшісі Өркен Жоямергенді полиция 22 мамыр күні "борышкерлермен" бірге қамауға алып, бірнеше сағаттан кейін босатқан.

"Борышкерлердің" үш кісіден тұратын өкілін 24 мамырда парламент мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаев қабылдаған.

Бұған дейін "Халыққа баспанасын қалдырайық" қозғалысының төрағасы Есенбек Өктешбаев пен астаналық құқық қорғаушы Болатбек Біләлов те осы наразылық акцияларына қатысты әкімшілік жазаға тартылған. Ал "ипотекаға үй алдық" деген топтың екі белсендісіне айыппұл салынған.
XS
SM
MD
LG