Accessibility links

Грузия Оңтүстік Осетияда шекара қоршалуына наразы


Грузия сыртқы істер министрі Майя Панджикидзе. Тбилиси, 29 сәуір 2013 жыл.

Грузия сыртқы істер министрі Майя Панджикидзе. Тбилиси, 29 сәуір 2013 жыл.

Грузия сыртқы істер министрі Майя Панджикидзе Грузияның сепаратистік Оңтүстік Осетия аймағы шекарасына Ресей әскерінің сымтемір орната бастағанына алаңдаушылық білдірді.

Кейбір хабарларға қарағанда, Ресейдің Оңтүстік Осетия шекарасына орната бастаған шекара белгілері Грузия территориясына қарай еніп кеткен. Оңтүстік Осетиямен шектес Дици елді мекенінің тұрғындары жаңадан орнатылған шекара қоршауының ары жағында қалып қойған бұрынғы жерлерге енді мал жая алмайтындарын айтып шағымданған.

Журналистер алдында сөйлеген Майя Панджикидзе ресми Тбилиси Ресейге осы мәселеге қатысты арнайы нота жолдайтынын айтты. Ол бұл мәселені осы аптада шетел дипломаттарымен кездескенде және келесі айда Женевада Грузияның сепаратистік аймақтарына қатысты өтетін келіссөздерде сөз ететінін мәлімдеді.

Ресей Грузияның сепаратистік аймақтары - Оңтүстік Осетия мен Абхазияның тәуелсіздігін 2008 жылы мойындаған.
XS
SM
MD
LG