Accessibility links

Киевте жаңаөзендіктерді қолдау акциясы өтті


Жаңаөзендіктерді қолдаушы украиналық белсенділер акциясы. Киев, 28 мамыр 2013 жыл
Жаңаөзендіктерді қолдаушы украиналық белсенділер акциясы. Киев, 28 мамыр 2013 жыл
28 мамыр күні украиналық "Боротьба" ұйымының 20 шақты белсендісі Киевтегі Қазақстан елшілігінің алдында наразылық ациясын өткізді. Олар Қазақстан үкіметінен қамаудағы жаңаөзендіктердің ісін әділ түрде қарауды және Жаңаөзен оқиғасына қатысы бар кінәлілерді жазалауды талап етті.

Украиналық белсенділер Қазақстанның жоғарғы соты істерін қайта қараған жаңаөзендіктерге тілектес екендерін айтты. Дәл осы күні Астанада жоғарғы сот "Жаңаөзен ісі" бойынша сотталған 14 адамның ісін қайта қарап, 6 адамның жазасын жеңілдеткен еді.

2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында ереуілдеп тұрған мұнайшыларға полиция мен арнайы күштер оқ атып, ресми есеп бойынша 16 адам өліп, жүзден астам адам жараланған. Бірқатар халықаралық және жергілікті құқық қорғау ұйымдары мен белсенділер Қазақстан үкіметінен бұл қанды оқиғаның себептерін тәуелсіз түрде тексеруді талап етіп келеді.
XS
SM
MD
LG