Accessibility links

BBC: Ұлыбритания әскері 85 ауғанды заңсыз ұстаған


Ауғанстандағы Ұлыбритания әскерилері. Гильменд уәлаяты. Көрнекі сурет.

Ауғанстандағы Ұлыбритания әскерилері. Гильменд уәлаяты. Көрнекі сурет.

BBC Ұлыбритания әскері Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд уәлаятындағы тергеу абақтысында 85 ауған азаматын заңсыз ұстап отырғаны туралы хабарлады.

BBC көрсеткен құжаттарда Ұлыбританияның Ауғанстандағы ең үлкен әскери базасы Кэмп Бастионда тұтқында отырғандар "содыр" деген күдікпен қамалғаны айтылады.

Тұтқында отырған сегіз адамның адвокаттары 14 айдан бері қамауда отырған күдіктілерге осы күнге дейін еш айып тағылмағанын айтады.

Содыр деген күдікке ілінгендер британ сарбаздары ауған ауылдарына тексеру жүргізген кезде тұтқындалған. Ұлыбритания әскеріне тұтқынды тек ерекше жағдайларда ғана 96 сағаттан артық қамауға рұқсат берілген.

Ұлыбритания қорғаныс министрлігі бұдан бұрын НАТО басшылығындағы коалициялық күштерінде Ауғанстанда тұтқынды қамауға алуға хақы болмағанын және оларда қамау орындары жоғын айтқан еді.
XS
SM
MD
LG