Accessibility links

Кранға шыққан әйелдер туысын босатуды талап етті


Наразы әйелдер кранның басында отыр. Астана, 29 мамыр 2013 жыл. Суретті түсірген Мұрат Тұңғышбаев.

Наразы әйелдер кранның басында отыр. Астана, 29 мамыр 2013 жыл. Суретті түсірген Мұрат Тұңғышбаев.

Астанада сот шешіміне наразы екі әйел сотталған туысын босатуды талап етіп, құрылыс алаңында тұрған кранның басына шығып алды. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, астаналық Бағжан Аязбекова ұлын - сотталған Азамат Аязбековты босатуды талап етеді. Онымен бірге кранның басына келіні (Азамат Аязбековтің әйелі) де шыққан.

Бұған дейін Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Бағжан Аязбекованың ұлы, 1987 жылы туған Азамат Аязбеков 2011 жылы "кісі бопсалады және билік өкілін (полицейді) жарақаттады" деп айыпталып, 9 жылға сотталғанын хабарлаған еді.

Бірақ бүгін наразылық танытқан Бағжан Аязбекова ұлын "жазықсыз сотталды" деп санайды. Оның сөзіне қарағанда, ұлы әуелі куәгер болған, кейін айыпталушыға айналып, сотталған.

Оқиға болған жерге (Иманов пен Жұбанов көшелерінің қиылысына) полиция мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, жедел жәрдем көлігі жеткен.

Наразы әйелдер бұған дейін де, 2012 жылы қарашада дәл бүгінгідей талап қойып, жылу электр станциясының мұржасына шығып кеткен еді. Ол кездегі наразылықта Бағжан Аязбекованың кіші ұлы да болған.
XS
SM
MD
LG