Accessibility links

Сот: Pussy Riot мүшелеріне шыққан үкім заңды


Мәскеу қалалық сотының төрағасы Ольга Егорова. Мәскеу, 29 мамыр 2013 жыл.
Мәскеу қалалық сотының төрағасы Ольга Егорова. Мәскеу, 29 мамыр 2013 жыл.
Мәскеу соты Pussy Riot панк тобының сотталған мүшелеріне шыққан сот үкімі заңды деген шешім шығарды. Мәскеу қалалық сотының төрағасы Ольга Егорованың айтуынша, сотталғандар адвокаттарының үкімге берген шағымы 28 мамырда қаралған.

Мәскеу Хельсинки комиссиясының жетекшісі Людмила Алексеева соттың шешіміне келіспейтінін білдірді. Ол "Pussy Riot өкілдеріне шығарылған үкімнің саяси астары бар және сотталғандар тым қатал жаза алды" дейді.

Pussy Riot панк тобының әншілері Мария Алехина, Надежда Толоконникова және Екатерина Самуцевич өткен жылы "бұзақылық жасады" деген айыппен екі жылға сотталған еді. Олар 2012 жылы ақпанда Мәскеудегі Құтқарушы Ғайса ғибадатханасында Ресей президенті Владимир Путинге қарсы ән айтқан соң тұтқындалған.

2012 жылы қазанда сот Екатерина Самуцевичтің жазасын шартты мерзімге ауыстырып, босатты. Ал биыл 23 мамырда Ресейдің Березники қаласының соты Мария Алехинаның шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырмады.
XS
SM
MD
LG