Accessibility links

Канада Иранмен сауда-саттықты тоқтатпақ


Канада сыртқы істер министрі Джон Бэрд.
Канада сыртқы істер министрі Джон Бэрд.
Канада Иранның ядролық бағдарламасына және онда "адам құқықтары бұзылатынына байланысты" ол елмен сауда-саттық жасауды тоқтататынын мәлімдеді.

Канада сыртқы істер министрі Джон Бэрдтің айтуынша, Оттава Тегеранның осы айда МАГАТЭ өкілдеріне ядролық зерттеулерімен танысуына рұқсат бермегеніне алаңдаушылық білдіреді.

Өткен айда Канада Иранды "халықаралық қауіпсіздікке ең үлкен қауіп төндіретін ел" деп атап, бұл елмен дипломатиялық байланысын үзген еді.

Бұдан бұрын Канада Иранға бірнеше экономикалық санкция салған.

2012 жылы екі ел арасындағы сауда көлемі 130 миллион АҚШ долларын құраған.

Халықаралық қауымдастық Иранды ядролық қару жасауға тырысып жатыр деп күдіктенеді. Бірақ Тегеран ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатты көздейтінін айтады.
XS
SM
MD
LG