Accessibility links

«Астана – Бурабай» автожолы бүгіннен бастап ақылы болады


Астана - Бурабай автобанындағы терминалдар. 25 мамыр 2013 жыл.
Астана - Бурабай автобанындағы терминалдар. 25 мамыр 2013 жыл.
Мамырдың 31-інен бастап Астанадан Бурабайға дейін жеңіл автокөлікпен жүріп өту бағасы 1 шақырымға 1 теңге болады деп хабарлады Көлік және коммуникация министрлігі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, автобаннан өткені үшін автобустардан орын санына қарай 1 шақырым жолға 5-10 теңге аралығында, жүк көліктері салмағына қарай 5 пен 20 теңге аралығында ақы алынады, мотоциклдер тегін жүре алады. Сонымен бірге құтқару қызметі, жедел жәрдем, полицейлердің көліктері және жол бойында жұмыс жүргізетін техникалар да ақы төлеуден босатылады.

Жалпы ұзындығы 220 шақырымдық «Астана-Бурабай» тас жолы бойындағы елді мекендерде тіркелген автомобильдерге 50 пайыздық жеңілдік ескерілген, олар өз аудандары аумағында тегін жүре алады. Жол ақысын терминалға қолма-қол ақшамен, банк карталары немесе арнайы транспондерлер арқылы төлеуге болатыны айтылған.

Қазақстан парламенті 2008 жылы қабылдаған ақылы жолдар туралы заңға сәйкес, белгілі бір компания жол салу немесе жөндеу жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар меншіктеу құқығын байқау арқылы жеңіп алса, тендерге шығарылған жол 25 жылға жеңген компанияға жалға беріледі. Жалға беру мерзімі аяқталысымен жолдар мемлекетке қайтарылады.

2010-2014 жылдарға арналған Қазақстанның үдемелі индустриалдық-инновациялық дамуы бағдарламасы бойынша «Астана-Бурабай» бағытынан бөлек «Астана - Қарағанды», «Алматы - Қорғас», «Ташкент - Шымкент» (Жамбыл облысының шекарасы), «Алматы - Қапшағай», «Орал - Каменка» (Ресей шекарасы) жолдары да ақылы болуға тиіс.

«Астана-Бурабай» тас жолынан Азаттық тілшісі түсірген видео:

Ақылы Астана-Бурабай тас жолы ашылмақ
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:32 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG