Accessibility links

Иран президентінің тікұшағы апатты жағдайда қонды


Махмуд Ахмадинежад мінген тікұшақтың Эльбрус тауында қонған кезі.

Махмуд Ахмадинежад мінген тікұшақтың Эльбрус тауында қонған кезі.

2 маусым күні Иран президенті кеңсесі Махмуд Ахмадинежад мінген тікұшақтың "апатты жағдайда" қонуға мәжбүр болғаны хабарланды.

Президент вебсайтында бортта болған адамдардың зардап шекпегені туралы жазылған.

Сайт "Иран президенті Махмуд Ахмадинежадпен бірге лауазымды тұлғалар болды. Апатты жағдай туғанда пилот тікұшақты Эльбрус тауларына аман-есен қондырды" деп жазады.

President.ir веб-сайтындағы мәліметке қарағанда, тікұшақ қонғаннан кейін
Ахмадинежад Иранның солтүстік-шығысындағы таулы ауданға барып, автокөлік тоннелін ресми түрде ашқан. Тегеранға көлікпен қайтқан.

Сайт "апатты жағдай" туралы бұдан басқа ақпарат бермеген.

Ахмадинежадтың екінші президенттік мерзімі биыл тамызда бітеді.

14 маусымға белгіленген президент сайлауына 8 кандидат тіркелген.
XS
SM
MD
LG