Accessibility links

Түркияда полиция мен шерушілер қақтығысты


Полиция Таксим алаңындағы наразылық танытушыларға көзден жас ағызатын газ қолданды. Стамбул, Түркия, 31 мамыр 2013 жыл.
Полиция Таксим алаңындағы наразылық танытушыларға көзден жас ағызатын газ қолданды. Стамбул, Түркия, 31 мамыр 2013 жыл.
Түркия полициясы үшінші күнге созылған үкіметке қарсы наразылық шерулерінде демонстранттарды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданды. Жексенбіде Анкара, Стамбул және басқа да қалаларда болған наразылық шерулеріне ондаған мың адам қатысты.

Стамбул мен Анкарада демонстранттар үкімет үйіне бет алғанда полициямен қақтығысқан. Дәрігерлер Стамбулда 1000-ға тарта, Анкарада 700-ге жуық адам жараланғанын айтады. Бірақ үкімет жараланғандар саны бұдан әлдеқайда аз екенін хабарлады.

Ішкі істер министрі Муаммар Гүлердің айтуынша, әуелде 1700 адам ұсталған, бірақ кейін оның көпшілігі босатылған.

Шерушілер бастапқыда Стамбулдағы жөндеу жұмыстары кезінде ағаштарды жаппай кесуге наразы болған еді. Ал оларға қарсы қолданған полицияның әрекеті Түркияның басқа қалаларындағы наразылықтарға себеп болды.

Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанды демонстранттар мен қарсыластары "авторитарлы басшыға айналып бара жатыр" деп айыптайды. Бірақ Ердоған жексенбіде мәлімдеме жасап, өзінің "диктатор емес екенін" айтты.

Қазір демонстранттар Стамбулдың орталығындағы Таксим алаңын қайта басып алды. Шерушілер өткен жұмада алғашқы наразылық акциясын осы алаңда бастаған еді.
XS
SM
MD
LG