Accessibility links

Махачкала мэрі "кісі өлтірді" деген күдікпен ұсталды


Махачкала қаласының мэрі Саид Амиров.

Махачкала қаласының мэрі Саид Амиров.

Мәскеудің Басман соты тергеу талабы бойынша Дағыстан астанасы Махачкала қаласының мэрі Саид Амировты тұтқындады. Ол Ресей тергеу комитетінің қызметкері Арсен Гаджибековты өлтірді деген күдікке ілінді.

Арсен Гаджибеков 2011 жылы желтоқсан айында қаза тапқан. Амировқа қарсы қылмыстық іс 31 мамыр қозғалды. Сенбі күні оны тұтқындап, Мәскеуге этаппен жөнелтті. Амировтың өзі айыпты мойындамайды, істі қолдан ұйымдастырған деп санайды.

Ресей тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркиннің сөзіне қарағанда, тергеу кезінде бұл қылмыстық іске ондаған адамның қатысы болуы мүмкін екені анықталған.

Махачкала қаласының мэрі міндетін уақытша қала әкімдігі басшысының орынбасары атқаратын болады.
XS
SM
MD
LG