Accessibility links

Азияның оңтүстік-шығыс аймағында 2 маусымда 2 рет жер сілкінді. Біріншісі - Филиппинде, екіншісі Тайваньда тіркелді.

Филиппиннің оңтүстік бөлігіндегі жер сілкінісінің магнитудасы - 5,7 болған. Ел билігінің мәліметтеріне қарағанда 9 адам жарақат алған. Олардың көбі - балалар. Жер сілкінісі кезінде болған топырақ көшкінінен бірнеше ғимарат қирап, мектептерге зақым келген.

Тайваньдағы жер сілкінісі елдің орталық аймағында болған. Әртүрлі деректерге қарағанда, магнитудасы - 6,3 пен 6,5 аралығы. Ақпараттарға қарағанда табиғи апат салдарынан кемінде 1 адам қаза тауып, 16 адам жарақат алған. Жүйрік пойыздар тоқтатылған.

Тайвань мен Филиппин Тынық мұхитындағы жер көп сілкінетін, жанартаулар шоғырланған аймақта орналасқан.
XS
SM
MD
LG