Accessibility links

Түркияда наразылық төртінші күнге ұласты


Анкара полициясы демонстранттарды тарату үшін газ қолданып тұр. 3 маусым 2013 жыл.

Анкара полициясы демонстранттарды тарату үшін газ қолданып тұр. 3 маусым 2013 жыл.

Түркиядағы наразылық шаралары 4 маусым күні де жалғасып жатыр. Полиция Анкара мен Стамбулда шерушілерді қуып тарату үшін тағы да көзден жас ағызатын газ қолданды.

Премьер-министр Режеп Тайып Ердоған отставкаға кету туралы талапты орындаудан бас тартып, "шеруді ұйымдастырғандар - экстремистер мен оппозиция" деп, бүлікке соларды кінәлап отыр.

Дүйсенбіде ресми сапармен Мароккоға барған Ердоған шеру туралы да айтып, "жағдай ұзамай тұрақтануы керек" деді.

АҚШ Түркия үкіметін демонстранттарға қатаң шара қолданбауға шақырды.

Инвесторлар елде тұрақсыздық орнауы мүмкін деп қауіптене бастаған соң, дүйсенбіде қор нарықтарындағы негізгі бағалар 10,5 пайызға түсіп кетті.

Наразылық танытушылар 2002 жылы билікке келген Ердоған үкіметін "авторитарлы билікке айналып бара жатыр" деп айыптайды.

Шерушілер бастапқыда Стамбулдағы жөндеу жұмыстары кезінде ағаштарды жаппай кесуге наразы болған еді. Ал оларға қарсы қолданған полицияның әрекеті Түркияның басқа қалаларындағы наразылықтарға себеп болды.
XS
SM
MD
LG