Accessibility links

Wikileaks-ке "ақпарат берушінің" соты басталды


WikiLeaks сайтына ақпарат берді деп айыпталған сарбаз Брэдли Мэннинг.
WikiLeaks сайтына ақпарат берді деп айыпталған сарбаз Брэдли Мэннинг.
АҚШ-та WikiLeaks сайтына америкалық құпия құжаттарды берді деп айыпталған сарбаз Брэдли Мэннингтің үстінен сот басталды. Сотты әскери трибунал жүргізіп жатыр.

25 жастағы Брэдли Мэннинг осыдан үш жыл бұрын тұтқындалып, WikiLeaks сайтына 700 мыңға тарта құпия құжаттарды берді деп айыпталған. Құпия құжаттардың арасында Ауғанстан мен Ирактағы соғыс туралы дипломатиялық жазбалар да бар.

Мэннинг алғашқы сот тыңдауында өзіне тағылған он айыпты мойындап, біреуінен бас тартқан. Егер ол бас тартқан негізгі айып - "АҚШ-тың жауларына болысқаны" дәлелденсе, өмір бойы түрмеге жабылуы мүмкін.

WikiLeaks сайтын Австралия азаматы Джулиан Ассанж құрған. Сайт 2010-2012 жылдары АҚШ үкіметі мен басқа да елдерге қатысты құпия саналып келген материалдарды жариялаған.
XS
SM
MD
LG