Accessibility links

Керри: Таулы Қарабах мәселесін шешу жолдары бар


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Вашингтон, 31 мамыр 2013 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Вашингтон, 31 мамыр 2013 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри "Әзербайжан мен Армения арасындағы Таулы Қарабах проблемасын шешу жолдары бар" деп мәлімдеді.

Вашингтонда Әзербайжан сыртқы істер министрі Эльмар Мамедьяровпен кездескен Керри: "АҚШ Әзербайжан мен Арменияға арадағы проблеманы шешуіне көмектесуге мүдделі. Соғыс пен қақтығыс - мәселені шешудегі ең соңғы қадам. Бұдан шығатын жол барына сенеміз және бұл бағытта төзімділікпен әрі сабырлылықпен жұмыс жасаймыз" деді.

Армения қолдаған этникалық армяндар 1990 жылдардың басында Таулы Қарабах аймағын басып алған еді. Франция, Ресей мен АҚШ содан бері екі ел арасындағы даулы мәселені шешудегі келіссөздерде ара ағайындық жасап келеді.
XS
SM
MD
LG