Accessibility links

Марат Тәжин БҰҰ босқындар ісі комиссарымен кездесті


БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары Антонио Гутеррес.
БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары Антонио Гутеррес.
Бүгін Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары Антонио Гутерреспен кездесті.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, кездесуде Орталық Азиядағы босқындарды қорғау және көші-қон жөніндегі екінші министрлер конференциясын өткізу жайы талқыланған.

Кездесуде Тәжин «Қазақстан босқындар ісі жөніндегі бас комиссары басқармасын БҰҰ-ның жаһандық, өңірлік және ұлттық деңгейдегі мақсаттарын жүзеге асыратын елеулі халықаралық құрылымдардың бірі ретінде қарастыратынын және онымен ынтымақтастыққа ерекше мән беретінін" айтқан.

Агенттіктің жазуынша, қазір Қазақстанда 15 мыңнан астам босқын тұрып жатыр.
XS
SM
MD
LG