Accessibility links

Бішкек-Ош жолы әлі ашылмады


Оппозициялық "Ата-Жұрт" партиясының жақтастары наразылық танытып, Бішкек-Ош жолын жауып тастады. Жалал-Абад, Қырғызстан, 4 маусым 2013 жыл.

Оппозициялық "Ата-Жұрт" партиясының жақтастары наразылық танытып, Бішкек-Ош жолын жауып тастады. Жалал-Абад, Қырғызстан, 4 маусым 2013 жыл.

Қырғызстанда оппозициялық "Ата-Жұрт" партиясының жақтастары жапқан Бішкек-Ош жолы әлі ашылмады. Наразылық танытушылар партияның қамаудағы үш жетекшісі мен "халық губернаторы" деп жарияланған Медербек Үсеновті босатуды талап етіп, 2 маусымда жолды жауып тастаған еді.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, Жалал-Абад облысы аумағындағы Бішкек-Ош жолы жабылған соң жолақы қымбаттай бастаған.

31 мамырда жүздеген адам оппозициялық "Ата-Жұрт" партиясының қамаудағы үш жетекшісін босатуды талап етіп, наразылық танытқан еді. Шерушілер Жалал-Абадтағы облыс әкімшілігі кеңсесін басып алып, Медербек Үсеновті "халық губернаторы" етіп сайлағанын жариялаған. Маусымның 2-сі күні Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Үсеновтің қамауға алынғанын хабарлаған.
XS
SM
MD
LG